ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰОҚ "Жақсы деген немене, жаман деген немене?"

Білім беру саласы: Коммуникация, әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет, өзін-өзі тану

Оқу қызметінің түрі: кіріктірілген

Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»

Мақсаты:                                                

1.Білімділік: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету.Жақсы, жаман туралы түсінік беру.

2.Дамытушылық: Жақсы , жаманды салыстыра білу іскеріктерін дамыту. Өлеңді тыңдай білуге, мазмұнын айтуға дағдыландыру. Сөздік қорларын молайтып , сөйлеу қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:  Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, мозайка, АКТ.

 

I.Кіріспе бөлім.

Шаттық шеңбері.

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалейкум!»,-деп

Алдан әже жолықса,

Бөгелемін әдейілеп:

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей»,-деп.

Кім кезіксе көшеде

«Аға,тәте,көкеге,

«Сәлеметсіз бе!»,-деймін.

 

II. Негізгі бөлім.

1.Экранға екі ертегі кейіпкері көрсетіледі.

Дәріер Айболит – жағыды кейіпкер.

Түлкі – жағымсыз кейіпкер.

Балалар олардың ерекшеліктерін айтады.

 

2.В.В.Маяковскийдің  «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» өлеңі видеобейне арқылы көрсетіледі. Балалар видеобейнеден не туралы түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы жауап береді.

Балалар өз өмірлеріндегі болған жағымды және жағымсыз жағдайларды айтып береді.

 

3. Мақал – мәтелдерді жалғастыр.

Жақсы арына құл, ..........

Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, .........

Жақсы адам ..........

Жақсы адам елдің ырысы,............

Жақсы туса елдің ырысы,.............  т.с.с

 

4.Балалар шеңберге дөңгеленіп отырады. Оларға ақ және қара дөңгелектер таратылады. Ертегілерден әр түрлі үзінділер оқылады, балалар оларды дөңгелектер арқылы ажыратып көрсетеді.

1.Түлкі тырнаға ботқаны жалпақ табаққа салып береді.

2.Тышқан арқанды кеміріп арыстанды босатады.

3.Аю үйшіктің үстіне шығып, үйшікті бұзды.

4. Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
- Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.

5.Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алды.

6.Түлкі қоянды алдап, оны үйінен қуып шығады.

 

Тыныштық сәті. (музыка әуенімен)

Балалар не елестеткендерін айтып береді.

 

Ойын: «Жағымды және жағымсыз»

Мақсаты: Балаларды жағымды және жағымсыз әрекеттерді ажырата білуге үйрету.

 

III.Қорытынды.

Тақтада 3 түсті күлтешесі бар гүл арқылы қорытады.

1.жасыл күлтеше – тек қана жағымды іс-әрекеттер жасаса.

2.сары күлтеше – жағымды іс-әрекетерді кейде ғана жасаса.

3.қызыл күлтеше – ешқашан жағымды іс-әрекет жасамаса.

Жүректен жүрекке (әдепті сөздер)

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Жақсы мен жаманды салыстыруды, ажыратуды ұғынады.

Меңгереді: Жақсы істер мен әрекеттерді жасауды түсінеді.

Игереді:Өлеңді тыңдап, сол өлеңді мазмұндай білу іскерліктерін.

 

Жаңартылған күні: 06.02.2020 15:00
Құрылған күні: 06.02.2020 15:00

Текст