2023-2024 оқу жылы
«Мектеп жасына дейінгі балалар ағзасының жеке ерекшеліктері»
медбике – Ф.И.Мухамеджанова
Өмірдің алғашқы алты жылында баланың денесі қарқынды өседі және дамиды. Сүйек және бұлшықет жүйелері белсенді түрде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың денесі шеміршекке бай. Сүйектері жұмсақ, икемді, жеткілікті берік емес. Тірек-қимыл аппаратының оссификациясы балаларда 2-3 жаста басталады. Осы кезеңде мойын, кеуде, белде қисықтар пайда болады. Мектеп жасына дейінгі балалардағы бұлшықеттері салыстырмалы түрде нашар дамыған және дене салмағының 20-25% құрайды. Жүрек массасы 3-4 жастағы балада 70,8 г-дан 6 жастағы балада 92,3 г – ға дейін артады. Жүрек соғыстарының жиелігі 85 - 105 КД/мин шегінде. Жүректің ұзындығы еніне қарағанда тез өседі (ұзындығы 5-6 жасқа, ал ені 8-10 жасқа дейін екі есе артады).
3-4 жаста тыныс алудың кеуде түрі белгіленеді, бірақ 6 жасқа дейін өкпе тінінің құрылымы аяқталады. Мектеп жасына дейінгі балаларда тыныс алу жолдары жете дамымаған. Мұрын қуысының жолдары, трахея мен бронхылардың жолдары тар болуына байланысты мектеп жасына дейінгі балалар толыққанды терең дем алып-шығара алмайды. Нәресте балалар бір минутта 40-35 рет тыныс алса, 7 жастағы балалар бір минутта 24-22 рет тыныс алады. Өкпенің сыйымдылығы 3-4 жастағы балаларда - 400-500 см3, 5-6 жаста - 800-900 см3. Жасы ұлғайған сайын тыныс алу тереңдей түседі және сирек болады, өкпенің желдетілуі күшейеді. Ерсектермен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі балалардың өкпесінен өте көп мөлшерде қан өтеді, бұл ағзаның оттегімен толық қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың заталмасу процесі өте жақсы өтеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларда ішкі құрылыс мүшелері әлі де болсын нашар дамыған. Асқазанның ішкі бұлшықеттері әлсіз. Қимыл белсенділігінің, иілгіштіктің жоғары деңгейде болуы мектеп жасына дейінгі баланың физиологиялық тез дамуына мүмкіндік береді. Балаларды қандайда бір қимылға үйреткен кезде дұрыс түрде көрсетіп, үйрету қажет. Егер, бала бастапқыда дұрыс емес түрде қандайда бір қимылды жасауды үйренсе, әрі қарай да солай жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалар қимылмен көрсетілген ақпаратты тез естеріне сақтайды. Бірақ олардың білімін жетілдіру үшін бірнешерет қайталау керек. Жалпы, 3-7 жастағы балалардың жүйке жүйесі әлі де әлсіз, сондықтан олардың жеңіл қозғыштығын ескеріп, оларға өте мұқият болу керек: ұзақ, ауыр жүктемелер беруге болмайды, шамадан тыс шаршауды болдырмау керек, өйткені осы жаста қозу процестері тежелу процестерінен басым болады.