№15 «Әсел» балабақшасы
Теңтек дыбыстар
Логопед: Тулегенова Б.Қ.
Көкшетау-2019ж
Тақырыбы: « Теңтек дыбыстар»
Мақсаты: қойылған дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде бекіту. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.
Міндеттері:
Коррекциялықық:
-Артикуляциялық моториканы дамыту;
– қойылған дыбыстардың артикуляциялық орнын нақтылау;
-Бағытталған ауа ағымын қалыптастыру;
-Фонематикалық есту қабілетін дамыту;
– байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру арқылы сөз қорын молайту.
Дамытушылық:
-Есту, көру, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
-Жаттығуларды орындау кезінде өзін – өзі бақылау дағдыларын сіңіру;
-Әдемі, дұрыс айтуға тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Логопед: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз дыбыстар елі туралы айтамыз. Дыбыстардың қандай болғандарын білгілерін келе ме?
Балалар: Иә, келеді.
Логопед: Балалар, Дыбыстар елінде өте көңілді және жылы. Қараңдаршы, қандай күннін көзі бізге күлімсіреп тұр. Слайд «Күннін көзі». Кәне, біздің қонақтарға көрсетейік біз қандай көңілдіміз және татумыз.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын бір бірлерімен қосып сөздерге сәйкес қимылдар жасайды.
Күннің көзі өз алақандарын бізге созды
Күннің көзі сиқырлы елге шақырды
Күннің көзімен біз айналамыз
Дыбыстармен біз достасамыз.
Логопед: - Дыбыстар елі - ғажайып ел. Онда құстардың сайраған дауысы естіледі, сиқырлы Дыбыстар елінде гүлдер көп! Әсем, әдемі гүлдерде көп көбелектер отыр. Көбелектер гүлдердің иісің тамашалап отыр.Оларды ұрлеп ұшырып жіберейікші.
ІІ. Негізгі бөлім. Біз бүгін с-ш дыбыстары туралы айтамыз.
-Жылан қалай ысылдайды? – С-с-с
-Орманда қатты жел соққанда, қандай дыбыс шығады? – Ш-ш-ш
-Паровоз қандай дыбыс шығарады? – С-с-с
-Шар жарылғанда ше? – Ш-ш-ш
-Шәйнек қайнағанда, қандай дыбыс шығады? – С-с-с
-Қаздар балапандарын шақырғанда, қалай ысылдайды? –Ш-ш-ш
- Балалар, С-дыбысын айтқанда ерін керіліп тұрады, ал Ш-дыбысын айтқанда ерін алға шығып тұрады. Ауа ағысын тексерейік ше? Тілдің орнын анықтайық.
Тапсырма: «Мен бастаймын, сендер аяқтандар»
Аға-ш ба-с
Тоқа-ш қы-с
Бұры-ш құ-с
Қарында-ш алғы-с
Тапсырма: «Сөйлемді аяқта»
Терезеде отыр – маса.
Менің анам – тамаша.
Жерде жатыр – тас.
Өседі биік – ағаш.
Ұшып келді – қарлығаш.
Тапсырма: «Сөзді өзгерт».Мен с-дыбысымен сөз айтам,сал сендер с орнына ш дейсіндер.
Сан-шан,сана-шана, аласа-алаша, кесе-кеше, ыстық-іштік,су-шу, ас-аш, қас-қаш.
-Балалар, дыбыстарда теңтек болады, сендер сөйлем дұрыс болмаса, түзеп отырындар.
Марат санамен сырғанады.
Айгуль кешемен шай ішті.
Қасқырдан тез қас.
Есіктің құлыпын ас.
Балалар, шаршадындарма, менде сендерге ерекше ойыншық бар, кәне қолымызға аламыз, ақырындап қысамыз, шаршағанымызды басамыз.
Сабақ қорытындысы:
Логопед: Бүгін біз қандай дыбыстарды қайталадық?
Балалар: с-ш дыбыстарын.
Логопед: Дұрыс айтасыңдар. Сендерге ойындар ұнады ма?
Балалар: Жауап береді
Логопед: Сендер бүгін керемет жұмыс жасадыңдар. Барлық тапсырмаларды орындадыңдар. Жарайсындар. Ала ш-дыбысына басталатын қандай тәтті бар? – Шоколад. Осымен сабақ аяқталады.