Тренинг тақырыбы: «Инклюзивті орта – бала дамуының кепілі»
Тренинг ата- аналармен
Мақсаты:
Ата-аналардың инклюзивті білім беру туралы түсініктерін кеңейту, ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіру, жағымды қарым-қатынас орнату арқылы бала дамуына әсер ету жолдарын қарастыру.
Тренинг құрылымы
1. Кіріспе бөлім (10 мин)
Психолог сөзі:
– Қош келдіңіздер! Бүгінгі тренингіміз ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуына инклюзивті ортаның әсері туралы болмақ. Біздің мақсатымыз – сіздермен бірлесіп, әр балаға қолайлы, қолдаушы орта қалыптастырудың жолдарын талқылау.
Танысу ойыны:
«Аты-жөнің және балаңыздың жақсы қасиеті»
(Ата-аналар аты-жөнін айтып, баланың бір жақсы қасиетін атайды)
2. Негізгі бөлім (25-30 мин)
Презентация: «Инклюзивті білім беру дегеніміз не?»
Топтық жұмыс: «Бала дамуына қандай орта қажет?»
(Ата-аналар топтарға бөлініп, постер дайындайды. Постерге бала дамуына қолайлы ортаның сипаттамасын жазады: физикалық, әлеуметтік, психологиялық )
Талқылау сұрақтары:
3. Сергіту сәті (5 мин)
Ойын: «Жақсы сөз – жанға қуат»
(Шеңберде бір-біріне жақсы тілек айту)
4. Практикалық бөлім (15 мин)
Жағдаяттарды талдау:
Ата-аналарға түрлі жағдаяттар ұсынылады. Мысалы:
(Талқылау, өз пікірлерімен бөлісу)
5. Қорытынды бөлім (10 мин)
Психолог сөзі:
– Әр бала – қайталанбас әлем. Ерекше қажеттілігі бар балалардың дамуы – тек мамандардың емес, барша ата-аналардың, қоғамның ортақ жауапкершілігі. Инклюзивті орта – мейірім мен түсіністікке негізделген орта.
Кері байланыс:
– Қатысушыларға стикер немесе қағаз таратылады. Сұрақ:
«Бүгінгі тренингтен қандай ой түйдіңіз?»
(Жауаптарын тақтаға іледі немесе ортада оқиды)
Ұраны:
«Әр бала – ерекше. Қолдау болса – даму болады!»