Гүлдене бер,Қазақстан!
( ұйымдастырылған оқу қызметі )
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
«Әсел» бөбекжай
орыс тілі мұғалімі
Г.Ж.Кемал
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кенейту. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Еліміздің нышандарын дұрыс айтуға, оларды құрметтеуге, еліне деген патриоттық сезімін дамыту. Мақал- мәтел, тақпақтар арқылы ой-орісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, «Тәуелсісдік монументінің», «Ақ орда», «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайының» суреттері, «Қазақ елі» бейнетаспа.
Шеңберге түрып «Жылулық шеңберің» ұйымдастыру Шуақ шаша алтын таңда, Мөлдір таза ауада. Табиғаттың бәрі оянады. Қайырлы таң балалар! Сәлем бердім саған елім» Тал бесігім туған жерім. Сәлем бердім бәріңізге.
Барысы: Біз аспаны ашық,сәулелі кең, байтақ елде тұрамыз.Бүгінгі ұйымдастырылған қызметі Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық.
Жүргізуші: Елімізге лайықты Конституция зандары қабылданды. Онда балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған.Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуміз керек.Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның қандай дамып көркейгенін «Қазақ елі» бейнетаспаны тамашалаймыз.
Оқу қызметі сайыс түрінде өтеді.
Жүргізуші: Әнұраны елімнің, Шақырады бірлікке. Егеменді халқымның Болашағы бірлікте.
Ортаға «Тұлпар» мен «Бүркіт» командалары шығады.
I Бөлім «Сұрақ-жауап» сайысы. Қай топ белсенді жауап берер екен?
1- команда
Қазақстан Республикасының неше рәміздері бар?
Бас қаламыз қай қала?
Қазақтың ұлтық аспабын атаңыз.
16 желтоқсанда қандай мереке тойланады?
2- команда
Мемлекеттік туымызда не бейнеленген?
Еліміздің тұңғыш Президенті кім?
Тудың түсі қандай?
Қазақстан республикасының мемлекеттік тілін атаңыз.
II– бөлім: мақал- мәтелдер сайысы.
Жүргізуш:Қай топ көп мақал-мәтелдер айтар?
Ел-елінде,гүл-жерінде.
Отан-отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Егілмеген жер жетім. Елінен айырылған ер жетім.
Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар,
Керегелері керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бөріміз жүрсек айналып
Киіз үй болып керілер.
III- бөлім: «Өлең оқу сайысы» сайысы.
1 бала: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді,
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
2- бала: Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата- бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
3-бала; Қазақстан менің Отаным,
Атынды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп, дәми бер,
Білімімен үлес қосамын.
4-бала: Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Жүргізуші :«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші сайысымыздың сонына да жеттік.
Сөз қазылар алқасына беріледі.
Женімпаздарды марапаттау.
Күтілетін нәтиже:
Не біледі: Қазақстан Республикасынын рөміздері.
Не алады: Өлен арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Не істей алады: Қойылған сұрақтарға толық жауап беру.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.№7.2015ж «Тәрбиелік іс-шаралар» мектепте және мектепке дейінгі мекемелерде. 2.№11.2017ж «Бала мен балабақша» Республиқалық педагогиқалық журнал.