ЖАДЫНАМА "КҮЙЗЕЛІСТІ БАСҚАРУДЫҢ 5 ҚАДАМЫ"
13.11.2026
ЖАДЫНАМА
КҮЙЗЕЛІСТІ БАСҚАРУДЫҢ 5 ҚАДАМЫ
Құрметті педагогтер! Өзіңізге қамқорлық жасау – кәсіби табыстың және эмоционалдық саулықтың негізі.
1-қадам. ӨЗ ЭМОЦИЯҢДЫ ТАНИ БІЛ!
- Өз көңіл күйіңе назар аудар.
- Ашулану, шаршау, мазасыздық сезімдерін жоққа шығарма.
- Не нәрсе күйзеліске әкелетінін анықта.
2-қадам. ДҰРЫС ТЫНЫС АЛ!
- Терең тыныс алып, баяу дем шығар.
- Бірнеше минут тыныштықта бол.
- Тыныс алу жаттығуларын күнделікті орында.
3-қадам. УАҚЫТЫҢДЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛА!
- Күнделікті жұмысыңды жоспарла.
- Маңызды істерге басымдық бер.
- Өзіңе демалуға уақыт бөл.
4-қадам. ЖАҒЫМДЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТ!
- Әріптестеріңмен ашық сөйлес.
- Қажет кезде көмек сұраудан қорықпа.
- Жағымды сөздер мен қолдауды бағалай біл.
5-қадам. ӨЗІҢЕ ҚАМҚОР БОЛ!
- Жеткілікті демал және ұйқы режимін сақта.
- Таза ауада серуенде, дене белсенділігімен айналыс.
- Өзіңе ұнайтын іспен шұғылдан.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Сабырлы педагог – бақытты бала, жайлы орта және нәтижелі тәрбие кепілі!
әдіскер – С.Д.Калманбаева