«Үй жағдайында баланың күн тәртібін ұйымдастыру шеберлігі»
(топтық жұмыс)
медбике – Ф.И.Мухамеджанова
Мақсаты: Ата-аналардың мектеп жасына дейінгі баланың күн тәртібін ұйымдастыру дағдыларының деңгейін анықтау және дамыту.
Міндеттері:
1.Ата-аналарға күн тәртібінің маңыздылығын түсіндіру;
2.Ата-аналарды мектеп жасына дейінгі баланың өмірін ұтымды ұйымдастыруға үйрету;
3.Ата-аналарды өзара іс-тәжірибемен алмасуға ұйымдастыру.
Барысы.
1.Ата-аналарға «Күн тәртібі дегеніміз не ?» - деген сұрақ қою, әр ата-ананың ойын тыңдау.
2. Күн тәртібі деген сөзге «Ассоциация» болатын бір сурет салу (суретті салып болғаннан кейін әр ата-ана осы сурет нені білдіріп тұрғанын әңгімелейді)
3.Ойын «Баламның бір күні» (әр ата-ана өз күн тәртібінің жобасын құрады, қалған ата-аналарға таныстырады, талқылайды).
4.Блиц-сұрақтар
5.Рефлексия «Мен үшін пайдалы»
Қатысушылар іскерлік ойын барысында өздеріне жаңалық болған ерекше ақпаратта туралы айтады.