дене тәрбиесі нұсқаушысы– Б.Е.Айсина
Мектеп жасына дейінгі кезең – баланың қимыл-қозғалыс белсенділігі қарқынды дамитын уақыт. Үй жағдайында қарапайым жаттығулар мен ойындар арқылы баланың денсаулығын нығайтып, қимыл дағдыларын жетілдіруге болады.
Неліктен қимыл әрекеттері маңызды?
Үйде жасауға болатын қимыл әрекеттері:
1. Таңғы жаттығу
Қарапайым созылу, иілу, секіру жаттығулары баланы сергітеді.
2. Қимылды ойындар
«Қуып жет», «Жасырынбақ», «Кедергіден өт» сияқты ойындар баланың қозғалысын дамытады.
3. Би және ырғақтық қозғалыстар
Әуенге билеу баланың икемділігін және есту қабілетін дамытады.
4. Доппен ойындар
Допты лақтыру, қағып алу, домалату – қол мен көз үйлесімділігін жақсартады.
5. Тепе-теңдік жаттығулары
Бір аяқпен тұру, сызық бойымен жүру – баланың тепе-теңдігін дамытады.
Ата-аналарға кеңестер:
Үй жағдайында ұйымдастырылған қимыл әрекеттері баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Ең бастысы – баланың қызығушылығын арттырып, қозғалысты күнделікті әдетке айналдыру.