ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Музыкалық эстафета"

Тренинг: «Музыкалық эстафета»

 

Мақсаты:  Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту ; бір-бірін түсіну, тыңдау, қолдау дағдыларын дамыту .

Музыка арқылы еркіндік, сенімділік қалыптастыру .Топ ішінде жылы атмосфера құру .

 Ұзақтығы: 30–40 минут

Қатысушылар:  балалар және ата-аналар

 

Тренинг барысы

 

1. Шаттық шеңбері (танысу)

Жүргізуші сөзі:  Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар мен балалар!
Бүгін біз ерекше тренингке жиналдық. Бұл жерде жарыс жоқ, тек бірге сезіну, бірге ойнау.  Қазір барлығымыз шеңберге тұрып, өз есімімізді және бір жақсы қасиетімізді айтайық. (Әр жұп өзін таныстырады)

2. «Көңіл күй әуені» Мақсаты: эмоцияны түсіну.

Жүргізуші: Қазір музыка қосылады. Сіздер музыкаға қарап, өз көңіл күйлеріңізді қимылмен көрсетесіздер.

Ата-ана мен бала бір-біріне қарап, қайталайды.

3. «Айна» жаттығуы . Мақсаты: бір-бірін бақылау, түсіну.

Жүргізуші: Бұл ойында ата-ана – «айна», бала – «қимыл жасаушы» болады.
Бала қандай қимыл жасаса, ата-ана дәл қайталайды.
Сосын рөлдер ауысады.

4.  «Оркестр» Мақсаты: топтық жұмыс

Қалай ойнайды:
• Балаларға қарапайым музыкалық аспаптар таратылады (қасықтар, дабыл, маракастар)
• Жүргізуші  — дирижёр:  кімнің ойнайтынын көрсетеді;  дыбыс күшін және ырғақ қарқынын реттейді

5. «Жалпы шеңбер»  Мақсаты: топты біріктіру

Қалай ойнайды:
• Барлығы шеңберге тұрады
• Музыка әуенімен қимылдар бір-біріне беріледі
• Әр қатысушы өз қимылын қосады.

 6. «Сенім шары» Мақсаты: сенім мен үйлесімділік

Жүргізуші: Әр жұпқа бір шар беріледі. Сіздер шарды бірге ұстап, түсірмей қозғалу керексіздер.

-Сөйлеспей, тек қимыл арқылы түсініңіздер.

 

7. «Қоңырау соқ-тоқта»

Мақсаты: зейін мен қозғалысты үйлестіру

Ойын барысы:

Қоңырау соғылғанда-балалар жүреді,жүгіреді

Қоңырау тоқтаса-бәрі қатып қалады.

 

8. «Мен сені түсінемін» Мақсаты: эмоциялық жақындасу

Жүргізуші: Бала қимылмен бір көңіл күйді көрсетеді (қуаныш, реніш, таңғалу), ата-ана оны табуы керек. Сосын керісінше.

9. Рефлексия (ой бөлісу)

Жүргізуші: Қазір аздап ой бөлісейік:

Сізге не ұнады?

Балаңыз туралы жаңа не байқадыңыз?  (2–3 ата-ана қысқаша айтады)

 10. Қорытынды

Жүргізуші сөзі:  Бүгін біз жай ғана ойнаған жоқпыз, біз бір-бірімізді жақсырақ түсінуге бір қадам жасадық . Бала үшін ең маңызды нәрсе – ата-анасының назары мен махаббаты .

Сіздерге үлкен рахмет!

 


Текст