Цели и задачи воспитательной работы
Мақсаты:
Мақсатты түрде жоспарлаған тәрбиелік іс-шаралар арқылы балалардың үйлесімді тұлғалық дамуын жүзеге асыру.
Міндеттер:
- Әр баланың бастамашылық жасауына, қызығушылық танытуына мүмкіндік беру;
- Бүлдіршіндердің шығармашылық әрекет етуіне жағдай туғызу;
- Әртүрлі қызмет түрлерінде балалардың коммуникативтік, танымдық және өзге де белсенділіктерін ынталандыру;
- Балалардың қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым-қатынас құзіреттіліктерін дамыту;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында алғашқы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Нәтиже:
Тәрбиеленушілердің отбасымен бірлесе отырып, өзіне сенімді, өздерін әр қырынан көрсете білетін жеке тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға қол жеткізіледі.