ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған кеңес «Бала неге кеш сөйлейді?»

«Бала неге кеш сөйлейді?»

 

логопед – Б.К.Тулегенова

Баланың сөйлеу тілі – оның жалпы дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әр бала жеке дамиды, сондықтан кейбір балалар ерте сөйлесе, кейбірі сәл кешірек сөйлей бастайды. Дегенмен ата-аналар баланың сөйлеу дамуына назар аударып, қажет болған жағдайда мамандардан кеңес алғаны дұрыс.

Баланың кеш сөйлеуінің негізгі себептері:

1. Жеке даму ерекшелігі

Кейбір балаларда сөйлеу қабілеті сәл кешірек қалыптасады. Бірақ олар басқа салаларда (қимыл, ойлау, эмоция) қалыпты дамуы мүмкін.

2. Баламен қарым-қатынастың аз болуы

Егер балаға аз сөйлесе, аз сұрақ қойылса немесе оның сөзіне жауап берілмесе, сөйлеу дамуы баяулауы мүмкін. Бала сөйлесуді ересектермен қарым-қатынас арқылы үйренеді.

3. Гаджеттердің көп қолданылуы

Телефон, планшет немесе теледидар алдында ұзақ уақыт отыру баланың сөйлеу тілінің дамуын баяулатуы мүмкін. Себебі бұл кезде бала белсенді сөйлесуге қатыспайды.

4. Есту қабілетінің мәселелері

Егер бала дыбыстарды толық естімесе, сөздерді дұрыс қабылдай алмайды. Бұл да сөйлеудің кеш шығуына әсер етеді.

5. Психологиялық факторлар

Қорқыныш, күйзеліс немесе отбасындағы өзгерістер де баланың сөйлеуіне әсер етуі мүмкін.

Ата-аналар не істей алады?

  • Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз, күнделікті әрекеттерді түсіндіріп отырыңыз.
  • Ертегі оқыңыз, суреттерді бірге қарап, олар туралы әңгімелесіңіз.
  • Сұрақ қойып, баланың жауап беруіне мүмкіндік беріңіз.
  • Саусақ ойындарын, тақпақтарды, әндерді қолданыңыз.
  • Телефон мен теледидар уақытын шектеу маңызды.
  • Баланың әрбір жаңа сөзін мақтаңыз және қолдаңыз.

Қашан маманға жүгіну керек?

Егер:

  • 2 жасқа дейін балада сөздер мүлде болмаса;
  • 3 жасқа келгенде қарапайым сөйлемдер айтпаса;
  • ата-ананың сөзін түсінуі қиын болса.

 

 


Текст