Іскерлік ойын
Тақырыбы:
«Сыни ойлауды дамыту – баланың болашағына жол»
Мақсаты:
Мақсатты аудитория:
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, әдіскерлер, педагог-психологтар.
Ұзақтығы:
45–60 минут
Ойын түрі:
Топтық пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар, «құрылымдалған ойлау», шығармашылық интерпретация.
Құрылымы мен кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту (Мотивация)
«Ой қозғау» әдісі
Жүргізуші сұрақ қояды:
Мақсаты: Тақырыпқа қатысушылардың назарын аудару, өз тәжірибесімен байланыстыру.
2-кезең: Талда – Шеш – Қорға
Жағдаяттық тапсырмалар (Топтық жұмыс)
Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа жағдаят беріледі:
Мысал жағдаяттар:
Жағдаят 1:
Балаларға «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырмасы берілді. Бір бала анасы мен әкесін салмай, тек мысық пен теледидар салды. Сіз не істер едіңіз?
Жағдаят 2:
Сабақта бала сұрақ қойды: «Неге бұлттар ақ, ал жаңбыр суық?» — Сіздің әрекетіңіз?
Жағдаят 3:
«Сиқырлы орман» тақырыбында жұмыс жасап жатқанда, бала: «Орманда робот ағаштар болады» дейді. Тәрбиеші жауапты қалай құруы тиіс?
Тапсырма:
Ұсыну формасы: постер/қорғау (2–3 минут)
3-кезең: «Сәйкестендір – Пайдалан»
Әдістермен танысу және қолдану.
Қатысушыларға сыни ойлауды дамытуға арналған әдіс атаулары мен сипаттамасы аралас беріледі (қиылған карточкалар түрінде). Мақсат – сәйкесін табу және мысалмен дәлелдеу.
Мысалы:
Әдіс |
Сипаттама |
---|---|
Ойлан – Жұптас – Бөліс |
Алдымен бала жеке ойланады, жұбымен пікірлеседі, кейін ортақ пікір білдіреді |
Венн диаграммасы |
Екі ұғымның ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады |
Қиялдау тапсырмасы |
Бала елестетіп, фантазия арқылы сурет салады |
Тапсырма: Әр топ әдісті таныстырып, бейнелеу өнері сабағына кіріктіріп қолдану үлгісін ұсынады.
4-кезең: Шығармашылық рефлексия
«Сен тәрбиеші болсаң...» ойыны
Қатысушыларға қысқа жағдаят немесе тапсырма беріледі:
«Балалар «таңғажайып қоқыс жәшігі» тақырыбына сурет салуда. Сіз қалай бағыттайсыз? Қандай сұрақтар қоясыз?»
Немесе:
«Бала суретінде тек қара түс қолданған. Не сұрайсыз?»
Мақсат: Педагогтың сұрақ қою стилі мен сыни ойлауға ынталандыру қабілетін дамыту.
5-кезең: Қорытынды рефлексия
«3 сөйлеммен түйінде» әдісі:
Қатысушылар төмендегі сөйлемдерді аяқтайды:
Қажетті құралдар:
Нәтиже:
«Әсел» бөбекжайы МКҚК әдіскері
С.Д.Калманбаева