Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді
бастаймыз. Кәнеки бәріміз қол шапалақтап ортаға балаларды шақырайық.
Музыка залында әдемі баяу, әсем әуен естіліп тұрады. Балалар қолдары-
на жапырақтарды ұстап кіреді.
Жүргізуші: Ертеңгілігімізді әсем әнмен бастайық.
Ән «Жапырақтар»
Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі-түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы.
Мерекемізді тақпақтармен бастаймыз.
Д.Айару
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай.
Думан Дильназ
Сап-сары манай
Сап-сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Алақай!Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты.
Фариза
Күз келді, алақай
Алтын келді далаға
Дәні бітік бидайды
Құйып жатыр қамбаға
Шөп сарғайып, ағаш қурап
Гүлдер де солады
Жаңбыр жауып, жел соғады
Бұзылады табиғат.
Асылым
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Қуаныш
Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді.
Аделя
Жемісі мол теретін
Кү дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Ярослав
Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ай
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Т.Айару
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.
Жүргізуші: Ендеше, балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін «Күз ханшайы-мын» шақырайық.
Келші, келші, алтын күз,
Келші, келші, жарқын жүз.
Мерекені жалғастырып
Ойнап келші, алтын күз.
Күз ханшайымы: Армысыздар, балалар, күзгі бақтағы қонақтар. Мен Ал-
тын Күзбін, жайдарлы жарқын жүзбін. Мен туралы тақпақ айтып жатқандарынды естіп сендерге асығып келдім. Мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба?
Балалар: жоқ
Күз: Ендеше мереке болғандықтан сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Жүргізуші: Қош келдіңіз Күз ханшайымы төрлетіңіз! Бізде бүгін мереке. Біздің балалар сізге арнап өздерінің жан- жақты өнерлерін дайындап отыр. Соңы тамашалаңыз.
Күз: Әрине, балалар мен сендердің өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.
Алтын күзге арнап әсем әнімізді шырқап берейік.
Ән «Алтын күз»
Мерекемізді тақпақтармен жалғастырамыз.
Тақпақтар
Инжу
Ағаштардан жапырақ
Ұшты кенет жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Дала сары киінді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді
Алтын астық, алтын тау
Сезім
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жеміс жинау салтымыз
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз.
Айлин
Сап сарығып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен.
Б.Али
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Медина
Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Ислам
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Бинұр
Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.
Күз ханшайымы: Балалар, менде сендерге құр келген жоқпын. Сендерге
ойын ала келдім «Шалшықтан өт»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын Күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.
Жаңбырдың дауысы естіледі.
Ортаға Саңырауқұлақ шығады.
Сөзі: Мен қорқамын жаңбырдан, мен қайда тығыламын, тығындар мені(қорқып кіреді)
Ж: Сен білесің бе, жаңбыр саңырауқұлақтарға пайдалы, жаңбыр болмаса сен өспейсің. Тек қана саңырауқұлақтарға ғана емес, барлық жемістерге, көкөністерге де пайдалы. Мына біздің бақшамызға қарашы, қандай бай, бәрі өсіп жатыр.
Саңырауқұлақ: Иә, рас екен. Ендеше мен енді жаңбырдан ешқашан қорықпаймын.
Ән «Қарлығаш» (қыздар орындайды)
Саңырауқұлақ ойын ойнатады. Ойын «Саңырауқұлақтарды жина»
Тақпақтар
Мариям
Алма пісіп, алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.
Жаздай күткен бәріміз
Сары алтын сары күз
Алтын ұя бақшада
Сабақ бастар шағымыз.
Досымова Дильназ
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Шамиль
Түсіп жатыр аулада
Ағаштардан жапырақ
Алтын күзім келді ме?
Сарғайыпты жапырақ.
Айсана
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Самира
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке
Саңырауқұлақ: Қандай керемет балалар, тақпақты жақсы айтады екен.
Жүргізуші: Саңырауқұлақ біздің балалар сондай өнерлі, олар би де би-
леп береді. Сен саңырауқұлақтар туралы би көрдің бе?
Саңырауқұлақ: жоқ, бірінші рет естіп тұрмын.Би билеуді мен де жақсы көремін. Қане тамашалайық!
Ендеше «Саңырауқұлақтар мен Тиындар» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар сіздерге өнерлерін көрсетті, ал енді сіздер сыйлық әкелдіңіздер ме?
Күз: мен орманда себетімді ұмытып кетіппін (таңғалады) енді не істейміз?
Саңырауқұлақ: Күз ханшайымы сіз уайымдамаңыз, қазір бір шешімін табамыз. Менің қалпағым сиқырлы. Қане сендер беске дейін санандар.
Саңырауқұлақ айналады да, қалпақтың астынан алманы алып шығады.
Күз: менің есіме түсті енді, мына бақшада қалдырып кетіппін екен. Міне балалар қараңдар! Мына сыйды сендерге сыйлаймын.
Тосынсый беріп, Күз бен Саңыруқұлақ қоштасады.
Жүргізуші: Рахмет сіздерге Күз ханшайымы мен Саңырауқұлақ. Сау болыңыздар!
Ойын «Кім жылдам орнын табады?»
Ал енді біздің Фариза өзінің биін дайындады. Испан биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар осымен күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, қош
сау болыңыздар!