ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыкалық ринг

Тақырыбы: Ерекше қажеттіліктері бар балалармен

                        Музыкалық ринг

 

Міндеті:Балалардың музыкалық білімдерін бекіту, тексеру,қортындылау.

                Эмоциялық сезімдерін байыту,адамгершілік,достық  қасиеттерін

                күшейту. Мзыка сабағының әр бөлімінен балалардың алған 

                білімдерін тексеру.

 

Қолданылытын құралдар-көрнекіліктер:Ноталардың үлестірмелі суреттері,аспаптардың суреттері,үйдің суреті салынған плакаттар,желім,үнтаспа,аспаптардың дыбыстары жазылған диск,балаларды марапаттауға арналған алқалар,мақтау қағаздар.

 

Музыка жетекшісі:Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар,бөбекжай ұжымы!Бүгінгі біздің музыкалық ринг ойын –сауық кешімізге қош келіпсіздер.Біздің қатысушыларымыз сайыс алдында ерекше толқуда,сондықтан оларды ортаға ду қол шапалақпен қарсы алайық.

(Балалар залға бір қатармен кіріп,өз орындарына жайғасып отырады.)

Біздің бірінші қатысушыларымыз: «Гүлдер» тобы-3 топ,

Біздің екінші қатысушыларымыз: «Нұр» тобы-10 топ.

Екі топты тағы бір қошеметтеп қояйық.

Әр сайыстың әділ қазылары болады,сондықтан да біз бүгін өз әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.(Әділ қазылармен таныстыру кезеңі)

 

1кезең.Ойынымызды бастайық.Ойынның бірінші кезеңі әр топ өз тобының атауымен,ұранымен таныстырады.

Музыка жетекшісі:Топтар кезегімен ортаға шығады,өздерінің ұрандарымен, команда капитанымен капитанымен таныстырады.

 

2кезең.Сайысымыздың екінші кезеңі: «Әуенін тап»

Музыка жетекшісі: Яғни әр командаға өз репертуарынан тыңдауға бес ән ұсынылады.Балалар әннің атауын,немесе бірінші кіріспе сөздерін тауып айтуы тиіс.Әр дұрыс табылған әнге бір ұпайдан беріледі.)

 

3 кезең.Сайысымыздың келесі үшінші кезеңі «Ән жарыс» деп аталады.

Музыка жетекшісі:Бұл кезеңде балалар топпен немесе дуэт,трио болып кез келген сайысқа дайындап келген әндерін орындап береді.Әннің орындалу мәнеріне,дикция тазалығына,дыбыс тазалығына және балалардың артисттік шеберлігіне балл қойылады.

 

4 кезең.Келесі кезең «Тыңда және көрсет» деп аталады.

Музыка жетекшісі:Үнтаспадан қазақ ұлттық аспаптарының дыбыстары естіледі.Ал балалар қандай аспап екенін қолдарын көтеріп айтады.Егер де орнынан айқайлап айтатын болса жауап ескерілмейді.Бұл кезеңде әр бала тәртіп сақтап өте сергек,және зерек болуы тиіс.Магниттік тақтада тыңдалатын аспаптардың суреттері ілініп тұрады.Аспаптың дыбысын танып атаған бала келіп тақтадағы сол аспаптың суретін тауып көрсетуі тиіс.

5 кезең.Бұл кезең «Сұрақ-жауап» деп аталады.Мен сұрақтарды дауыстап оқимын.Ал сендер қолдарыңды көтеріп сұрақтың жауабын айтасыңдар.

1.Қазақтың екі ішекті ұлттық аспабы:Домбыра.

2.Ән айтатын адам:Әнші.

3.Оркестрді басқаратын адам:Дирижер.

4.Көңілді әуен.Мажор

   Көңілсіз әуен-Минор.

5.Ысқышпен ойналатын қазақтың ұлттық аспабы:Қылқобыз.

6.Ноталарды ата:До,ре,ми,фа,соль,ля,си.

7.Қобыз атасы:Қорқыт ата.

8.Күйді орындайтын адам:Күйші.

9.Музыкалық шығарманы жазатын адам:Композитор.

6 кезең.Ойынымыздың соңғы кезеңі «Жоғалған ноталарды өз үйлеріне орналастыр» деп аталады.

Музыка жетекшісі:Әр топтың алдына жеті қабатты үйдің суреті салынған  плакат беріледі.

Сол үйге жеті нотаны атаулары бойынша орналастыру керек.Мысалы:До нотасы ең төмен қабатта,одан кейін ре нотасы т.с.с

Музыка жетекшісі:Осымен біздің сайысымыздың кезеңдері аяқталды.Әділ-қазылар алқасына қортынды бағаларын қоюға уақыт береміз,ал ортаға өзінің әсем әнімен     Ғалым Әдияны  шақырамыз,қарсы алыңыздар.

Музыка жетекшісі:Сайысымыздың соңғы нүктесін қою үшінәділ-қазылырға сөз береміз.Сайыстың соңында балаларды марапаттау,топ басшыларына әр топтың атауы жазылған мақтау қағазын тапсыру.Әр балаға нота бейнесінен жазылған алқаны тапсыру.

Музыка жетекшісі:Құрметті балалар сендерге көп рахмет,барлығың да сайысқа өте жақсы қатыстыңдар,музыкалық білімдерің өте жақсы екенін көрсете алдыңдар.Әрдайым осындай білімді,ақылды болыңдар,құрметті қонақтар келіп біздің балалардың сайысын тамашалағандарыңыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

 

Музыка жетекшісі: Уразалина М.Б.

 

 

 

 

 

 


Текст