Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Нұр» тобында!
Шамиль:
Бүгін келді жаңарып,
«Нұр» тобы тағы да.
Би-билейді ән салып,
Жасыл шырша жанында!
Сәлем бізден баршаға,
Құттықтаймыз жар сала!
Арина:
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз, шыршаға.
Жаңа жылда көңілді,
Шырқалады әніміз.
Ата-аналар сіздерді,
Бірге: Құттықтаймыз бәріміз!
Музыка әуенімен балалар билеп залға кіреді.
Ән: «Келді, міне, Жаңа жыл!»
(жарты шеңберге тұрып орындау)
Тақпақтар
Санжар:
Жақсы жаңа жыл келді
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылды енді,
Қарсы алайық бәріміз
Кел балақай, шырша дайын!
Қол ұстасып ән салайық.
Жаңа жылдың жарқын айын,
Әнмен, бимен қарсы алайық!
Муслим:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға – мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық
Өткен жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз,
Өсе түсті ойымыз
Жарқырайды жүзіміз
Айша:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір.
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой!
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Айару:
Келді міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға!
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Жүргізуші:
Балалар, сендер бүгін сондвй ерекше әдемісіңдер! Жарқырап тұрсыңдар! Шыршаларың да сондай әсем!
- Қалай ойлайсыңдар, біздің мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалардың жауабы:
- Аяз ата, Ақшақар.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше оларды барлығымыз бірге шақырып көрейік.
Аяз ата мен Ақшақардың кіруі.
Аяз ата мен Ақшақардың құттықтау сөздері.
Қонақтарды төрге шығару.
Жүргізуші:
- Аяз ата, асу-асу таулардан келем дегенше шаршаған боларсыз, ендеше отырып біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар
Нұрсұлтан:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Айзере:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Рамина:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыссапардан,
Аяз ата оралып.
Не ойласаң жаңа жылда
Орындалады бар арман
Жаңа жылды сондықтан
Күтеді барлық балақан
Али:
Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Ән саламыз, бибилеп,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді
Алинұр:
Кеңпейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О, алақай, аязатай
Келе жатыр алыстан
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық аяз атаны.
Аяз ата:
- Балалар, жарайсыңдар! Сендер сондай өнерлісіңдер! Тамаша!
Ән: «Маленькой елочке холодно зимой»
(Вокал тобының орындауында)
Құрметті қонақтар, біздің ханшайымдардың орындауында әсем биді тамашалаңыздар!
Би: «Ақшақарлар»
Мерекемізді ары қарай балалардың тақпақтарымен жалғастырсақ.
Сағида:
Тамаша тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келеме біздің бақшаға
Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз
Малика:
Жүзіміз де күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Бізбен бірге ойнайды
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды.
Алсу:
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл
Ән саламыз, билеп,
Жырдан шашутөгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді.
Аяз ата:
- Балалар, мен де сендерге құр бос қол келген жоқпын. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
- Иә (балалар жауабы)
- Ендеше орнымыздан тұрып, ойын ойнап жіберейік. Қане, Ақшақар маған көмектесші.
«Қолғап» ойыны
(Аяз ата мен Ақшақар балаларды ортаға шақыртып ойын ойнатады)
Жүргізуші:
Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз би билеп.
Би: «Тик -так»
Сағат тілінің даусы естіледі. Тик-так, тик-так, тик-так!
«Жыл басының кіруі»
Көңілді әуеннің сүйемелденуімен «Жыл басы» залға кіріп келеді.
Жыл басы балаларды, қонақтарды жаңа жылмен құттықтайды.
Жүргізуші:
Келді міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға!
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын!
Ақшақар:
Кел, жыл басы төрлет. Балалар сондай керемет өнерлі екен. Сен де бізбен бірге балалардың өнерін тамашала.
Би; «Біз көңілдіміз»
(Ұлдар мен қыздар бірге билейді)
Аяз ата:
- Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз ғой?
Мен қазір шыршаны жағайын. Сендер маған көмектесіп бірге айтайық:
Шырша, шырша, жан.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
- Керемет! Енді шыршамыз көңілденіп, басында әсем жұлдызы, әдемі шамдары жарқырап жана бастады.
Хоровод әні: «Шврша жыры»
(Балалар Жыл басы, Аяз ата, Ақшақармен бірге қол ұстасып, шыршаны айнала ән орындайды)
Жүргізуші:
Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз би билеп.
Флешмоб биі қарсы алыңыздар!
Ойын: «Балмұздақ»
Ортаға Ақшақар шығып, балалармен бірге «Балмұздақ» ойынын ойнатады.
Жүргізуші:
Бүгін біз көңілдіміз,
Жаңа жылды қарсы алып.
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып.
Ән: «Жаңа жыл!»
(Қыздардың орындауында)
Сиқырлы сәт
Ақшақар Аяз атаның жоғалтып алған қабын іздеуге шығады. Барлық жерді қарап таба алмайды. Жыл басы бірге іздесіп көмектесуге шығады. Сол кезде ата сиқырлау күші арқылы, қапты жаңа жылдық шыршаның астына қояды. Балалар да мәз –мейрам болысып сыйлықтарға қуанады. Барлық балаларға сыйлықтар беріледі.
Жүргізуші:
- Құрметті қонақтар! Осымен біздің ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті. Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін көптен көп, рақмет!
Жаңа жыл құтты болсын! Әр шаңыраққа құт береке енсін!