2024-2025 оқу жылы
«Әкелер мектебінің» жұмыс жоспары
Мақсаты: баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне әкелерді тарту, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының күш - жігерін біріктіру.
Міндеттері:
-әкенің беделін көтеру және оның отбасында балаларды тәрбиелеуде ықпалын арттыру;
-балаларды жан-жақты дамыту процесінде әкелер мен педагогтердің өзара әрекетін ықпалдастыру;
-әкелерді балалармен бірге түрлі әрекеттерді ұйымдастыруға және бірлесіп өткізуге тарту;
- балалар мен әкелер арасында оң қарым-қатынас қалыптастыру;
-балаларды тәрбиелеуде әкелерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
-ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық мәдениетін арттыру;
-отбасы мүшелерін өзара келісуге және оларды басқа әлеуметтік салаларда қолдана білуге үйрету.
№ |
Іс-шаралар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«Әкелер мектебі» жұмысымен таныстыру, насихаттау |
2024 ж. қыркүйек |
Тәрбиешілер Әдіскер |
2 |
«Әкелер мектебіне» кіретін әкелер тізімін құру |
2024 ж. қыркүйек |
Тәрбиешілер |
3 |
«Балалық шаққа саяхат» тақырыбындағы ашық есік күніне әкелерді қатыстыру |
2024 ж. қазан |
Тәрбиешілер |
4 |
Сауалнама жүргізу «Бала тәрбиесіндегі менің рөлім» |
2024 ж. қараша |
Тәрбиешілер Педагог-психолог |
5 |
Топтар арасында «Қардан тұрғызған бейнелер» сайысын ұйымдастыру |
2024 ж. желтоқсан |
Тәрбиешілер Әкелер |
6 |
Жадынама «Әке тәрбиесінің заңдылықтары» |
2025 ж. қаңтар |
Тәрбиешілер Әдіскер |
7 |
«Батыр болып тумайды» тақырыбында әкелерге кеңес беру |
2025 ж. ақпан |
Әдіскер |
8 |
«Нәзік жандар» тақырыбында аналар күніне қабырға газетін шығару |
2025 ж. наурыз |
Әкелер |
9 |
«Құстарға базарлық» акциясы |
2025 ж. сәуір |
Әкелер мен балалар |
10 |
«Әке көрген оқ жонар» тәрбиелік бейнероликтер түсіру |
2025 ж. мамыр |
Әкелер мен балалар |