2024-2025 оқу жылы
«Әжелер мектебінің» жұмыс жоспары
Мақсаты: қоғам мен отбасының өзара ықпалдастығының жаңа нысандарын дамыту, мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік мәртебесі мен рөлін арттыру.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымның қызметіне әжелерді белсенді қатысуға тарту;
- баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша мектепке дейінгі ұйымға көмек көрсету;
- отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін насихаттау;
-педагогикалық тәжірибе алмасу, ұлттық салт-дәстүрлер негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу;
- отбасында және МДҰ-да тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің бірізділігін қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және нығайту;
-аға буынға құрмет көрсету.
№ |
Іс-шаралар |
Мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
«Әжелер мектебі» жұмысымен таныстыру, насихаттау |
2024 ж. қыркүйек |
Тәрбиешілер Әдіскер |
2 |
«Әжелер мектебіне» кіретін әжелер тізімін құру |
2024 ж. қыркүйек |
Тәрбиешілер |
3 |
Тәрбиеленушілердің отбасыларының ерекшеліктерін, аға буынмен қарым-қатынас сипатын, аналар мен әжелердің бала тәрбиесімен айналысуын зерделеу (сауалнамалар жүргізу) |
2024 ж. қазан |
Тәрбиешілер |
4 |
Дөңгелек үстел «Отбасы тәрбиесінің алтын қазықтары» |
2024 ж. қараша |
Әдіскер Педагог-психолог Әжелер Тәрбиешілер |
5 |
Бейнеролик «Өнерлі ұрпақ – өнегелі ұрпақ» (тәрбиеленушілердің әжелерімен түрлі қолөнер жұмыстарын бірігіп жасауы) |
2024 ж. желтоқсан |
Тәрбиешілер Медбике |
6 |
Бала тәрбиесі туралы әжелерге жадынама тарату |
2024 ж. желтоқсан |
Әдіскер |
7 |
Бейнеролик «Әжемнің ертегісі» |
2025 ж. қаңтар |
Педагогикалық ұжым |
8 |
«Салт-дәстүрлер жәрмеңкесі» айдарымен әжелердің салт-дәстүрлерді көрсетуін ұйымдастыру |
2025 ж. наурыз |
Тәрбиешілер Әжелер |
9 |
«Ұлттық тағамдар базары» айдарымен әжелердің тәрбиеленушілерге ұлттық тағамдарды таныстыруын ұйымдастыру |
2025 ж. наурыз |
Тәрбиешілер Әжелер |
10 |
Әжелер кеңесі «Бала тәрбиесінде кешірілмейтін қателіктер» |
2025 ж. сәуір |
Аналар және балалар |
11 |
«Әжелер мектебі» жұмысын қорытындылау. Белсенді қатысушыларды марапттау |
2025 ж. мамыр |
Әкелер мен балалар |