«Әсел» бөбекжайы МКҚК
«Қош келдің балақай!»
(музыкалық ойын-сауық)
Музыка жетекшілері: М.Б.Уразалина
Г.Д.Қапсалам
Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, балалар және ата-аналар. Бұл қандай мереке?
Жүргізуші: Бүгін барлық балалардың мерекесі. Балалар балабақшаға алғаш рет келді.
Сайқымазақ: Сонда олар қандай балабақшаға келген?
Жүргізуші: «Әсел» бөбекжайына.
Сайқымазақ: Мен балабақшаға барғанды ұнатпаймын, онда ұйықтау керек, жаттығу жасау керек, ботқа жеу керек. Бірақ бүгінгі мереке қызықты болайын деп тұрған сияқты. Нағыз мен сияқты көңілді сайқымазақтарға арналған мереке екен.
Жүргізуші: Біздің балалар керісінше балабақшаға келгілері келеді. Мұнда оларды қызықты ойындар, әртүрлі іс-әрекеттер, құрбы-құрдастары күтуде.
Сайқымазақ: Мен сіздермен бірге мерекеңізде қала аламын ба? Мен әртүрлі ойындар, әндер, билер бойынша әйгілі шебермін!
Жүргізуші: Ал, олай болса мұндай шеберді біз қалай қалдырмаймыз, бізбен бірге болуға шақырамыз, балалардың көңіл көтеріп, бізді таң қалдырыңыз.
Жүргізуші: Сайқымазақ, сізде қандай әдемі рюкзак бар, онда не жатыр?
Сайқымазақ: Бұл менің сиқырлы сөмкем, мен оны қазір ашамын.
(рюкзактан ойыншық термометр мен шприц шығарады). Сырқаттанғандар ма?
Жүргізуші: Қамқорлығыңыз үшін рахмет, бірақ бізде бәрі жақсы.
Сайқымазақ: Мүмкін емес. Бұл балалар таңертеңгілік жаттығу жасамайды, содан ауырады.
Жүргузуші: Сайқымазақ, біздің балалар күн сайын жаттығу жасайды, оны жақсы көреді. Балалар сайқымазаққа таңертеңгілік жаттығу туралы айтып береңдерші.
Балалар: Таңертең жаттығу жасаса ңыз, сіз мықты боласыз, ауырмайсыз. Таңертеңгілік жаттығу ұйқыдан оянғаннан кейін жасалады.
Сайқымазақ: Өте жақсы! Бірақ мен оны өз көзіммен көргім келеді!
Жүргізуші: Олай болса бәріміз музыка әуенімен жаттығу жасап көрсетейік.(жаттығу орындалады)
Жүргізуші: Ой, Сайқымазақ сіздің рюкзагыңызда бірдеңе шырылдайды.
(дабыл дыбысы естіледі).
Сайқымазақ: Бұл менің көңілді дабылым, егер оның жанында балалар көп болса, оған қарсы тұра алмайды. Балалар сендер онымен ойнап көргілерің келе ме?
Балалар: Иә!
Сайқымазақ: Онда ережелерді тыңдаңыздар! Қазір біз сендермен «Көңілді дабыл» ойынын ойнаймыз. Дабыл ойнап жатқанда, бәрі бір-бірінің артынан жүреді. Дабыл ойнауды тоқтатқаннан кейін, бәрі отырады (секіру және т.б.).
Жүргізуші: Сайқымазақ, сенің ойының балаларға ұнаған сияқты. Сен бізбен бірге билеуге уәде бергенсің.
Сайқымазақ: Иә, мен өте жақсы билеймін, мына балалардың арасында би жарысына қатысатын мықтылар бар ма?
Жүргізуші: Әрине, бар. Сен би қимылдарын көрсет балалар қайталасын. Қай бала сенің биіңді айнымайтындай етіп көрсете алатынын байқайық.
Көңілді музыка қосылады, балалар сайқымазақтың биін қайталайды.
Жүргізуші: Ал енді мен балалармен «Сіз қалай өмір сүресіз?» ойынын ойнағым келіп тұр. Ойынның шарты: қойылған сұрақтарға қимылмен жауап беру керек.
Сұрақтар:
Сіз қалай өмір сүресіздер? - Осылай! (бас бармақты алға қойыңыз)
Сіз қалай жүресізер ? - Осылай! (орнында жүру)
Сіз қалай жүзесіз? - Осылай! (жүзуді модельдеу)
Сіз қалай жүгіресіз? - Осылай! (орнында жүгіру)
Сіз қалай ренжейсіз? - Осылай! (ренжігенді көрсетеді)
Сіз қалай тентек боласыз? - Осылай! (қимылмен көрсетеді)
Ал сіздер бір-біріңізге қалай қуанасыздар? - Осылай! (бір-біріне күлімсіреу)
Жүргізуші: Сайқымазақ, рюкзакта тағы не бар?
Сайқымазақ: Бұл рюкзак жай емес. Оның ішінде балалар үшін қызықты бір зат бар. Ол сабын көпіршіктері.
Сайқымазақ сабын көпіршіктерінен шарлар үрлейді. Балаларға олармен ойнау ұсынылады.
Сайқымазақ: Менің көңілім түсіп тұрғаны.
Жүргізуші: Не болды саған?
Сайқымазақ: Менің кететін уақытып келіп қалды.
Жүргізуші: Саған рахмет, сен бүгін біздің балаларымыздың көңіл көтердің. Менің саған және балаларға арналған сыйлықтарым бар.
Балаларға қолдан жасалған сыйлықтар таратылады.