ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дөңгелек үстел «Мектепке алғаш келген балаларда жиі кездесітін қиыншылықтар және оларды шешу жолдары»

Күн тәртібі:

1. «Бәрі сенің қолыңда» әңгімесін тыңдау

2. Тапсырма-жаттығу «Бейімдеу» сөзіне ассоциация жазу

3.Мектепке бейімделуде кездесетін негізгі алты қиыншылық және оны шешу жолдары.

әдіскер - С.Д.Калманбаева

4. Балаларды мектепке бейімдеуге жүйелі көзқарас

әдіскер – М.Г.Шаукеева

5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын» зерделеу

6. «Баланың жеке даму картасын» толтыру ерекшеліктері

7.Тапсырма-жаттығу «Болашаққа хат»

8.Ұсыныс

1.ТЫҢДАЛДЫ:

С.Калманбаева

Бүгінгі кездесуді мынан әңгімемен бастағым келеді «Бәрі сенің қолыңда»

«Бір кездері бәрін білетін данышпан болған екен.  Бір адам данышпанның бәрін білмейтінін дәлелдегісі келді. Ол алақанында көбелекті ұстап тұрып: «Айтыңызшы, данышпан, менің қолымда қандай көбелек бар: өлі ме, тірі ме?» Өзі ішінен ойлайды: «Тірі деп айтса өлтіре қоям, өлі деп айтса ұшырып жіберем»-деп ойлаймын. Данышпан «Бәрі сенің қолыңда» -деп жауап берді.

2.ТЫҢДАЛДЫ

С.Калманбаева

2.БЕЙІМДЕУ – сөзіне ассоциация сөздерді жазу тапсырмасын орындату.

3.ТЫҢДАЛДЫ

С.Калманбаева

1.Жаңа ортаға бейімделу

Қиыншылықтар: Мектепке алғаш барған балалар үшін жаңа ортада өзін жайлы сезіну қиын болуы мүмкін. Олар бұрын үйренген жанұя ортасынан шығып, көпшілікпен қарым-қатынас жасауды үйренуі керек.

Шешу жолдары: Оқушыларды мектепке кірер алдында мектептің жалпы құрылымымен таныстыру, алғашқы күндері мұғалімдер мен сыныптас балалардың қолдау көрсетуі маңызды. Балаларды бірте-бірте жаңа ортаға бейімдеу үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастыру.

2. Әлеуметтік дағдылардың жетіспеушілігі

Қиыншылықтар: Бала басқа балалармен қарым-қатынас жасауға әлі үйренбеген болуы мүмкін, сондықтан достар табу немесе топта жұмыс істеу қиынға соғады.

Шешу жолдары: Әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін топтық ойындар мен жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Балаларды бір-бірімен араласуға, пікірталасқа қатысуға және топта шешім қабылдауға үйрету.

3. Оқу мазмұнын қабылдау қиындықтары

Қиыншылықтар: Бала жаңа оқу материалын қабылдау мен түсіну қиындықтарына тап болуы мүмкін. Сондай-ақ, оқу стилі мен әдістемесіне үйренуге уақыт қажет.

Шешу жолдары: Балаға оқудың алғашқы кезеңдерінде жеке назар аудару, баланың оқу стиліне сәйкес әдіс-тәсілдер қолдану, сабақты ойын түрінде өткізу арқылы қызығушылығын арттыру.

4. Эмоционалдық қиындықтар

Қиыншылықтар: Жаңа жағдайға бейімделу кезінде балаларда мазасыздық, қорқыныш немесе стресс пайда болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, үйден алыстау немесе жаңа ұжыммен араласу кезінде байқалады.

Шешу жолдары: Баланың эмоционалды жағдайын бақылап, онымен ашық сөйлесу, өз сезімдерін білдіруге көмектесу. Әртүрлі релаксациялық әдістерді пайдалану, ойын терапиясы сияқты эмоционалдық қолдау көрсету тәсілдері тиімді.

5. Тәртіптік мәселелер

Қиыншылықтар: Балалар мектепте тәртіп сақтау мәселелеріне тап болуы мүмкін, себебі үйде ата-анасының назарында болмаған кезде жаңа ережелерді қабылдау қиын болуы мүмкін.

Шешу жолдары: Оқушыларды тәртіпке баулу үшін сыныпта тұрақты ережелер орнатып, оларды орындауға ынталандыру. Тәртіпті нақты түсіндіріп, барлық балаларға тең мүмкіндіктер беру.

6. Жеке тұлғаның дамуында қиындықтар

Қиыншылықтар: Кейбір балалардың жеке тұлға ретінде дамуы мектепке келген кезде артта қалуы мүмкін. Олар өзін-өзі бағалау және басқа балалармен өзара әрекеттесу кезінде проблемаларға тап болады.

Шешу жолдары: Баланың өзін-өзі бағалауын көтеру үшін оны оң сөздермен, қолдаумен қуаттау. Балалардың әртүрлі қабілеттерін мойындап, олардың өзіне деген сенімін арттыру.

4.ТЫҢДАЛДЫ:

М.Шаукеева

Балаларды мектепке бейімдеуге жүйелі көзқарас — бұл балалардың мектепке толыққанды және сәтті бейімделуі үшін барлық тараптардың (мұғалімдер, ата-аналар, мектеп психологтары және басқа мамандар) үйлесімді жұмысы мен бірлескен әрекеттерін қажет ететін кешенді әдіс.

Балабақша!

Балаларды мектепке жан-жақты дайындайды. Баланың мектепке дайындығы туралы ата-анаға және мұғалімге толық ақпарат береді. Бұл ақпарат баланың даму картасында көрсетіледі.

Отбасы!

Ең алдымен ата-ана баланың мектеп алдындағы күйіне назар аудару керек: тәрбиешімен әңгімелесу, баланың қандай мүмкіндіктері бар екенін және қандай қиыншылықтар болуы мүмкін екенін сұрау. Оқу жылына дейін баланың мектепке деген көзқарасы мен эмоциялық жағдайын түсіну үшін ата-аналар мектеп психологтарымен әңгіме жүргізулеріне де болады. Ата-аналар баланың мектепке бейімделу кезеңінде мұғалімдермен тығыз байланыста болуы керек. Олар мектептің талаптарымен танысып, баласына көмектесу үшін қажетті ақпаратты алуы тиіс.

Мектеп психологі мұғаліммен бірлесе!

Стресс және қобалжу деңгейін бақылау: Балалардың мектепке келген кезде қандай да бір қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімі болуы мүмкін, оларды жеңу үшін арнайы жаттығулар мен тренингтер ұйымдастыруға болады.

Позитивті көзқарас қалыптастыру: Баланың мектеп туралы оң көзқарасын қалыптастыру үшін ата-аналар мен мұғалімдер балаларды мектепке қатысты жағымды ақпаратпен таныстыруы керек.

Қарым-қатынас дағдыларын дамыту: Балалар топтық жұмыстар мен рөлдік ойындар арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйренеді. Бұл балалардың өзін-өзі ұстай білуін және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Мұғалім!

Жеке тәсіл: Мұғалім әр баланың жеке қасиеттері мен оқу деңгейін ескеріп, жеке көзқараспен оқытуға тырысады.

Қолдаушы орта құру: Мұғалім балаларға мектепте жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынуы керек. Олар балаларды ынталандырып, олардың сұрақтарына жауап береді, оқу процесін жеңілдетеді.

Топтық жұмысты ұйымдастыру: Топтық жұмыстар арқылы балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, бірге шешімдер қабылдауды үйренеді. Бұл балалардың мектепке бейімделуіне және олардың әлеуметтік қабілеттерін арттыруға көмектеседі.

Мектеп!

Динамикалық оқу жоспары: Бала алғашқы аптада ауыртпалықсыз оқуға енгізілуі үшін жеңіл тапсырмалар мен қызықты әдістер қолданылуы тиіс.

Қолайлы оқу ортасы: Мектепте баланың оқу ортасы жайлы және ұтымды болуы керек. Баланың жеке жұмыс орнын ұйымдастыру, оны мектептің жаңа ережелеріне бағындыру өте маңызды.

Әр түрлі оқыту әдістерін пайдалану: Баланың қабілеттеріне қарай әртүрлі әдістерді қолдану арқылы оқуды қызықты әрі қолжетімді ету. Көбінесе балалар оқудың алғашқы кезеңінде түрлі ойындар, тәжірибелік тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оңай бейімделеді.

Қорытынды:

Балаларды мектепке бейімдеуге жүйелі көзқарас, балалардың психологиялық, әлеуметтік және оқу аспектілеріне кешенді түрде көңіл бөлуді талап етеді. Бұл процеске мұғалімдер, ата-аналар және мектептің басқа мамандары бірлесіп қатысуы керек. Осылайша, бала мектепке сәтті бейімделіп, өзіне сенімді, қызығушылығы жоғары, әлеуметтік тұрғыда белсенді тұлға ретінде қалыптасады.

5.ТЫҢДАЛДЫ

С.Калманбаева

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын» мазмұнына шолу жасалды. Нақтылы тоқталу: күтілетін нәтижелер («Математика негіздері» және «Сауат ашу негіздері»)

 6.ТЫҢДАЛДЫ

М.Шаукеева

«Баланың жеке даму картасы» мазмұнымен таныстырды. Жұмыс барысында қалай қолдану жолдарын айқындады.

7.ТЫҢДАЛДЫ

Б.Айсина

ЖАТТЫҒУ «Болашаққа хат»

Мұғалімдер параққа болашақта 1 сыныпқа келетін балалардан қандай үміттер күтетінін жазады. Тәрбиешілер мектепке кеткен балалардың қандай болғанын қалайтындарын жазады.

Ұсыныстар:

 1.Бөбекжай мен мектеп арасындағы өзара ынтмақтастықты нығайту;

2. Баланың бейімделу процесін жеңілдетуге бағытталған бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру;

3.Мектепке жаңа барған балаларда жиі кездесетін қиыншылықтар туралы ата-аналарды алдын-ала ақпараттандыру жолдарын айқындау.

 

Жаңартылған күні: 15.01.2025 12:41
Құрылған күні: 15.01.2025 12:44

Текст