1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Бөбекжайда 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі;
2024 жылы бөбекжай 113 қызметті көрсетті;
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 104;
қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 9.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
«Педагогтерді аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат бөбекжайда ақпараттық тақтада мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Сонымен қатар қажетті ақпараттары келесі сілтеме бойынша алуға болады http://ds0004.kokshetau.aqmoedu.kz/admin/content/pageadd/parent-33330
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бөбекжай бірыңғай аkmola.kz. ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 1 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап бөбекжайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Бөбекжайда мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша жоғары бақылау ұйымдарынан бақылау іс-шаралары жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2025 жылы қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстары жалғастырылады.