08.04.2024 ж. бөбекжайда кезекті педагогикалық кеңес ұйымдастырылды. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымда көркем-эстетикалық тәрбиеге деген жаңа көзқарас және оны жүзеге асыру жолдары». Педагогикалық кеңесте келесідей сұрақтар қарастырылды:
1«Мектеп жасына дейінгі баланың көркем-эстетикалық тәрбиесінің заманауи міндеттерін шешуде педагогтардың өзара әрекеттестігінің маңызы» (баяндама)
әдіскер – С.Д.Калманбаева
2. «Мекпке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау»
№4 «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиешісі – М.Г.Шаукеева
3.«Өнер туындыларын таныстыру арқылы мектепалды топ балаларын ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке жұмылдыруда музыка жетекшісі мен тәрбиешінің бірлескен әрекеті» (тәжірибемен алмасу)
музыка жетекшісі – Г.Д.Қапсалам
4.«Бейнелеу өнері іс-әрекетінде ересек топтарда АКТ қолдану ерекшеліктері» (тәжірибемен алмасу)
№11 «Еркежан» ересек тобының тәрбиешісі – Г.З.Абылгазинова
5. «Психологиялық дамуында тежеуліктері бар балалардың көркем-эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыруда мамандардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру». (тәжірибемен алмасу)
педагог-психолог – Б.Е.Айсина