ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰОҚ "Менің сүйікті кейіпкерім"

Тақырыбы: «Менің сүйікті кейіпкерім»

Білім беру саласы: Коммуникация

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсініп,жүйелі әңгімелей білуге дағдыландыру.Кейіпкерлердің іс-әрекетін,мінез-құлқын айта білуге үйрету.Театр түрлерімен таныстыру (саусақ театры). Ертегі арқылы балалардың тілдерін дамыту.Балаларға жағымды,жағымсыз қасиеттері айыра білуді үйрету.

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті

Сәлемдейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме,апайлар!

(Балалар, орындарына отырады)

-Балалар,тыңдаңдаршы, бүгін бізге қонақ келген сияқты (осы кезде есікті қаққан дыбыс естіледі) (Үйшіктің ішінен сұр қоян көрінеді,амандасады)

-Сәлеметсіздер ме  балалар,сәлеметсіздер ме апайлар! Мені таныдыңдар ма? Мен ұзын құлақ сұр қоянмын. Балалар,мен  ертегі ұнатамын. Ертегілерді көруді де, тыңдауды да ұнатамын. Бірақ, маған ешкім ертегі айтып бермейді. (деп мұңайады)

Тәрбиеші: Мұңайма қоян. Балалар, ендеше бізге келген қонаққа ертегі айтып береміз бе?

Балалар: Иә,айтып береміз.

Тәрбиеші: Балалар, ал біз қандай ертегі айтып береміз?

Балалар: Бауырсақ ертегісін.

Тәрбиеші: Өте жақсы.

-Балалар,ендеше маған көмектесіңдер,біз қоянға «Бауырсақ» ертегісін айтып береміз.

-Ерте,ерте,ертеде бір ата мен әже өмір сүріпті.Ата әжеге не дейді?

Балалар: Кемпірім,кемпірім маған бауырсақ пісіріп берші-дейді ата.

Тәрбиеші:  Әже бар қалдық ұнды қырнап, әдемі,дәмді бауырсақ пісіріп береді. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды.

Балалар,терезеде суып тұрған бауырсақ  не істейді?

Балалар: Қашып кетеді.

Тәрбиеші: Қашып қайда келеді?

Балалар: Орманға.

Тәрбиеші: Қашып келе жатқан бауырсақтың алдынан не шығады?

Балалар: Қоян шығады.

Тәрбиеші: Не деп айтады?

Балалар: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін дейді.

Тәрбиеші: Ал,бауырсақ не дейді?

Балалар: Жоқ,сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін,одан да соны тыңда.

Мен атадан қаштым,мен әжеден қаштым.Сенен де қашып кетемін.

(деп қашып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар,қоянды алдап, ән айтып,бауырсақ қашып кетеді екен.

Бауырсақ домалап келе жатқанда ,алдынан не шығады?

Балалар: Алдынан аш қасқыр шығады.

«Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін»-дейді.

Тәрбиеші: Ал,бауырсақ не дейді?

Балалар: Мен атадан қаштым,әжеден қаштым,қояннан да қаштым.Сенен де қашып кетемін қасқыр дейді.

Тәрбиеші: Дұрыс.Осылайша бауырсақ қасқырдан да қашып кетеді.

Қашып келе жатқанда  алдынан не шығады?

Балалар: Аю шығады.

Тәрбиеші: Аю не деп айтады?

Балалар: (аюдың даусына салып) «Бауырсақ,бауырсақ  мен сені жеймін»-дейді.

Тәрбиеші: Ал,бауырсақ не дейді?

Балалар: Мен атадан да қаштым,әжеден  де қаштым,қоянннан да қаштым,қасқырдан да қаштым,аю сенен де қашып кетемін аю деп бауырсақ  қашып кетеді.

Тәрбиеші: Қоянға,аюға,қасқырға өлеңін айтып, домалап  қашып келе жатқан бауырсақтың алдынан не шығады?

Балалар: Түлкі шығады.

Тәрбиеші: Балалар,ал түлкі қандай аң?

Балалар: Түлкі қу,айлакер аң.

Тәрбиеші: Түлкі не дейді бауырсаққа?

Балалар:Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін –дейді. (балалар қу түлкінің әрекетін қимыл арқылы көрсетеді)

Тәрбиеші: Ал,бауырсақ не дейді?

Балалар: Мен атадан қаштым,мен әжеден қаштым,мен қояннан қаштым,мен қасқырдан қаштым,мен аюдан да қаштым.Түлкі сенен де қашып кетемін-дейді

Тәрбиеші: Ал түлкі болса, қайласын асырып, не деп айтады?

Балалар: Менің құлағым дұрыс естімейді.Тұмсығыма  келіп отыршы дейді.

Тәрбиеші:Осы кезде бауырсақ түлкінің тұмсығына отырып, ән айта бергенде,қу түлкі  бауырсақты жеп қояды.

Сергіту сәті:

Бала,бала балапан.                               

Қане,қайсы алақан

Саусақтарың айбат

Былай-былай ойнат,

Бір қадам алға басамыз

Алақанмен соқ,соқ,соқ.

Бір қадам артқа басамыз

Аяқпенен топ,топ,топ.

Сұрақ-жауап арқылы ертегіні қайталап  еске түсіріп кету.

Қоян саған біздің ертегі  ұнады ма?(қоян ризалығын білідіріп,қоштасып кетеді)

Тәрбиеші: Ал балалар ,орманда қандай аңдарды кездестірдік?

Балалар:Қоян,қасқыр,аю,түлкі.

Тәрбиеші: Қоян қандай аң?

Балалар: Қоян-ақ көңіл.

Тәрбиеші: Аю қандай аң?

Балалар: Аю-момын.

Тәрбиеші: Қасқыр қандай аңЮ

Балалар: Қасқыр-аңқау.

Тәрбиеші:Ал түлкі қандай аң?

Балалар: Түлкі-қу,айлакер.

Тәрбиеші:Ал балалар,сендерге ертегіден қандай кейіпкер ұнады?

Балалар:Аю,қасқыр,қоян.

Тәрбиеші: Түлкі неге ұнаған жоқ?

Балалар: Түлкі қу,айлакер.Ол бауырсақты жеп қойды.

Тәрбиеші: Балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Түлкі жағымсыз мінез көрсетті.Түлкідей болғыларың келе ме?

Балалар: Жооқ,болғымыз келмейді.

Балалар, бүгін сабақта сендер өздеріңді өте жақсы  көрсете алдыңдар.Сендер ертегіні біледі екенсіңдер.(Балаларға көңілді смайликтер тарату).Балалар,сендерге көп рахмет!


 

Жаңартылған күні: 06.02.2020 16:19
Құрылған күні: 06.02.2020 16:19

Текст