ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мамандарға арналған кеңес «Педагогтің күн тәртібі және құжаттары»

07.10.2025

Педагогтің күн тәртібі – оның жұмыс уақытындағы негізгі міндеттері мен іс-әрекеттерінің уақыт бойынша реттілігі. Ол топтағы балалардың күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.

1. Келу және жұмысқа дайындық

Жұмыс орнын дайындау (сабаққа қажетті құралдарды реттеу)

  • Топ бөлмесінің тазалығын тексеру
  • Күн тәртібін қарап шығу
  • Құжаттарды реттеу (егер қажет болса)

2. Балаларды қабылдау уақыты

  • Балаларды қарсы алу, көңіл-күйін бақылау
  • Ата-анамен қысқаша сөйлесу
  • Балалардың денсаулығын бақылау (сырқат белгілерін анықтау)

3. Таңғы жаттығу, гигиеналық шаралар

  • Таңғы гимнастика

4. Таңғы ас

  • Балаларды үстелге отырғызу
  • Ас ішу мәдениетін үйрету
  • Тамақтану процесін бақылау

5. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер

Негізгі ҰІӘ

  • Жеке немесе шағын топпен жұмыс
  • Дидактикалық ойындар

6. Серуен

  • Сыртқы ауада серуендеу
  • Қозғалыс ойындары
  • Қоршаған ортамен танысу

7. Түскі ас

  • Гигиеналық іс-шаралар
  • Ас ішу процесін ұйымдастыру

8. Күндізгі ұйқы

  • Балаларды ұйқыға дайындау
  • Ұйқы кезінде құжаттармен жұмыс (жоспарлау, бақылау жазбалары, т.б.)

9. Түстен кейінгі іс-әрекет

Ойын, шығармашылық жұмыс

  • ҰІӘ жалғастыру
  • Жеке жұмыс (қалып қоюшылармен, қабілетті балалармен)
  • Вариативтік компонент бойынша жұмыс

10. Кешкі ас, ата-анамен кездесу Кешкі ас беру

  • Балаларды ата-анасына тапсыру
  • Ата-анамен кері байланыс (күннің қорытындысы)

Балабақша педагогінің негізгі құжаттары

Тәрбиеші міндетті түрде белгілі құжат түрлерін уақытылы, сапалы жүргізіп отыруы тиіс.

1. Перспективалық жоспар

2. Циклограмма

3.Мониторинг

4. Балаларға қатысты құжаттар

  • Балалардың жеке даму картасы

5. Ата-аналармен жұмыс құжаттары

  • Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар жоспары
  • Ата-аналар жиналысының хаттамалары

6. Тәрбиеші портфолиосы

  • Кәсіби жетістіктер
  • Курстан өткен сертификаттар, марапаттар
  • Жасалған жұмыс түрлері (сценарий, презентация, жобалар)

Педагогтің жұмыс нәтижесі оның өз күн тәртібін қаншалықты ұтымды ұйымдастыру шеберлігіне байланысты. Ұтымды ұйымдастырылған күн тәртібі педагогтің жұмысын жеңілдетеді, өзін белгілі бір жұмыс тәртібіне үйретуге бағыттайды. 

 

әдіскер Калманбаева С.Д.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст