Педагогтерге арналған кеңес «Цифрлық портфолио жасау жолдары»
15.04.2026
Педагогтерге арналған кеңес
«Цифрлық портфолио жасау жолдары»
әдіскер – С.Д.Калманбаева
Цифрлық портфолио деген не?
Цифрлық портфолио — педагогтің кәсіби жетістіктерін, тәжірибесін, дағдыларын және шығармашылық жұмыстарын электронды форматта жинақтап көрсететін құрал.
Цифрлық портфолионың негізгі бөлімдері
- Жеке мәліметтер
- Аты-жөні, білімі, еңбек өтілі
- Кәсіби мақсаттар
- Қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлар
- Жетістіктер
- Сертификаттар, марапаттар, алғыс хаттар
- ҰІӘ үлгілері
- Ашық ҰІӘ, жоспарлар, презентациялар
- Тәрбиеленушілер жетістігі
- сайыс, байқау нәтижелері
- Рефлексия
- Өз жұмысына талдау, даму жоспары
Қандай платформаларды қолдануға болады?
- Google Sites – тегін әрі ыңғайлы сайт жасау
- Microsoft PowerPoint – слайд форматында портфолио
- Canva – заманауи дизайнмен жасау
- Padlet – интерактивті қабырға
- WordPress – толыққанды блог-портфолио
Жасау қадамдары
- Мақсат қою – портфолио не үшін қажет? (аттестация, тәжірибе алмасу)
- Материал жинау – барлық құжаттар мен жұмыстарды цифрландыру
- Құрылым жасау – бөлімдерге бөлу
- Дизайн таңдау – қарапайым әрі түсінікті стиль
- Жариялау – онлайн қолжетімді ету
- Жаңарту – үнемі толықтырып отыру
Пайдалы кеңестер
- Ақпаратты қысқа әрі нақты беріңіз
- Фото, видео, сілтемелер қосыңыз
- Бір стильді сақтаңыз (түстер, қаріптер)
- Артық ақпараттан аулақ болыңыз
- Құпиялықты сақтаңыз (оқушы деректері)
Цифрлық портфолио – педагогтің кәсіби «визит карточкасы». Ол сіздің дамуыңызды көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасуға және мансаптық өсуге мүмкіндік береді.