22.10.2025
Педагогтарға арналған тренинг
Тақырыбы «Командалық жұмыс – табысты ұжым негізі»
Педагог- психолог: Б.Е. Айсина
Педагог-психолог: Қайырлы күн! Бүгінгі тренингімізге «Командалық жұмыс – табысты ұжым негізі» қош келдіңіздер! Сіздермен кездесіп, біраз демалып, ойнап, өзіміз және әріптестеріміз туралы жаңа нәрселерді біліп, ең бастысы – бір-бірімізбен кездескенімізге қуаныш білдіруге мүмкіндік алғанымызға өте қуаныштымын.
1. «Айна» жаттығуы
Мақсаты: әрбір педагогтің өзіндік құндылығын, даралығын сезінуге ықпал ету.
Жүргізілуі:
Менде бір сандықша бар, қазір сіздер оны кезекпен ашатын боласыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Бұл сандықшаның ішінде бірегей, ғажайып, әдемі, қайталанбас нәрсе бар... (Әрбір қатысушы кезекпен сандықшаны алады, көзін ашады, ішіне қарайды. Сандықшаның ішіндегі зат — айна).
Талқылау сұрақтары:
Сонымен, әрқайсыңыз — ұжым үшін үлкен құндылықсыздар, әрқайсыңыз бірегей әрі қайталанбас тұлғасыздар.
Жаттығудың психологиялық мәні: әр педагогтің өзіндік құндылығын, даралығын сезінуіне ықпал ету.
2. Ойын: «Командалық скульптура»
Мақсаты: Бірлескен әрекетті үйлестіру, шығармашылық
Құралдар: – Мүсіндеу үшін түрлі заттар: қағаз, пластилин, лента, мата қиындысы
Жүргізілуі:
3. Жаттығу: «Старт, назар аударыңыз, марш» жаттығуы
Мақсаты: ұжымды біріктіру, белсенділікті арттыру
Өту барысы: Қатысушылар сөз қолданбай, тез арада келесі пішіндерді құрастыруы тиіс:
Талқылау:
Жаттығудың психологиялық мәні:
Топ ішіндегі әрекеттерді үйлестіру, рөлдерді бөлісу және бірлесіп жұмыс істеуді дамыту.
4. Жаттығу «Арқаға сурет салу»
Мақсаты: Бірлесе әрекет ету, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын дамыту, сондай-ақ, тактильді сезімді, сезімталдықты арттыру.
Қазір біз сіздермен арқаға сурет саламыз. Ол үшін біз бір колоннаға тұрамыз, әр қатысушы алдында тұрған адамның арқасына қарап тұрады. Мен қазір бір сурет салып, оны жасырамын, содан кейін дәл сол суретті колоннаның соңында тұрған адамның арқасына саусақпен салып көрсетемін. Сіздердің міндеттеріңіз — сезінуге тырысып, бұл суретті мүмкіндігінше дәл келесі адамға жеткізу. Осылайша сурет ең алдыда тұрған адамға жетеді. Ал бірінші тұрған адам сол суретті қағаз бетіне салып береді. Соңында бастапқы суретпен салыстырамыз. Сонымен, бастайық!
5. «Кел билейік» қозғалмалы ойын.
Мақсаты. Қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, байқағыштығын, жылдамдығын дамыту.
Көңілді әуендер кезекпен қойылады. Жүргізуші қатысушыларға айналып билеп жүру керектігін және де әуен тоқтап қандай сан аталса сонша адам бірігіп қалу керектігін айтады.
6. «Теңізге саяхат» релаксациялық тренингісін ұсынамын.
Релаксация (теңіз жағасында әуені қосылады)
Кәне барлығымыз , жайланып отырамыз да көзімізді жұмамыз. Терең демалып, денемізді бос ұстаймыз.Міне осы жерден біздің теңізге саяхатымыз басталады. Сіз теңізге келдіңіз.Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз,ашық аспан және күн.Теніз бірқалыпты дем алып,асау толқындары жағаға соғылып,қайтадан кейін қайтуда.Сіз теңіз толқындарының шуын естіп,толқындарға қызыға қарап,жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз.Сіз өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз.Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы.Сіз теңізге жақындап,аяқ киіміңізді шешіп,жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірдіңіз.Толқындар сіздің аяғызды жуып жатыр,су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ.Енді сіз қлдарыңызды бос тастап ,басыңызды шалқайттыңыз.Күн сәулесі мен жеңіл самал жел,сіздің бетіңізді өбуде. Ал теніз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай.Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі.Тап осы жерде сіздің көзіңіз жағалаудағы өзінің ерекше үнімен ұшып жүрген шағалаларға түсті. Олар сізде жақындап келіп ,сен баққыттысын,сен ерекше жансың деп сыбырлап тұрғандай.Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз келеді.Айналадағы бүкіл табиғат сізге қарап күлімдеп тұрғандай. Осы сәтте сіз бойыңыздағы барлық ауырлықтан,реніштен,сізді мазалап жүрген ойлардан ,өміріңіздегі қиындықтардан арылғандай сезініп, бүкіл денеңізде жеңілдік орнады. Сіздің үйіңізге қайтатын уақытыңыз болды.Сізге ғажайып демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып теңізге алғысыңызды білдірдіңіз. Енді асықпай көздеріңізді ашыңыздар.
Педагог- психолог: Сіздерге біздің тренингке келгендеріңіз үшін үлкен рахмет айтамын. Бұл тренинг өмірлеріңізде ізсіз өтпейді деп үміттенеміз. Бір нәрсе өздеріңізге пайдалы болады, бір нәрсе туралы ойлануға түрткі болады және сол бағытта жұмыс жасайсыздар деп сенемін. Сау болыңыздар!
![]() |
![]() |
![]() |