202 жылдың 17 қаңтарында Көкшетау қаласының «Әсел» бөбекжайы» МКҚК-да «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндеті стандарты талаптарын орындауда жаңа инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану» тақырыбында Көкшетау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының ересек және мектепалды топ тәрбиешілері мен №6 мектеп-лицейі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинар жұмысы барысында №7 «Болашақ» ересек тобының тәрбиешісі Р.Б.Садвокасова «Біз болашақтанбыз» тақырыбында шығармашылық модельдеу жұмысын өткізді, №3 «Гүлдер» мектепалды тобының тәрбиешісі Г.Хадылбек «Жарықтың табиғи және жасанды көздері» тақырыбында зерттеу жұмысын көрсетті, №5 «Балдырған» мектепалды тобы тәрбиешісі А.М.Хасенова «Көңілді математиктер» тақырыбында интерактивті ойын ұйымдастырды. Сонымен қатар, бөбекжай тәрбиешісі Б.К.Искакова «Арт коворкинг технологиясы не үшін және қалай?» тақырыбында питчинг арқылы өз жұмысын таныстырса, бөбекжайдың әдіскері М.Г.Шаукеева «Өз ісінің шеберлері» тақырыбында семинарға қатысушылармен квиз ұйымдастырды. Семинар соңында педагогтер өз пікірлерімен алмасты және ұсыныстар берілді.
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |
![]() |