15.12.2025
Бүгін Көкшетау қалалық білім бөлімі жоспарына сәйкес «Әсел» бөбекжайы» МКҚК-да «Жаңа модель – жаңа серпін: білім сапасын арттырудағы бірлескен жұмыс» тақырыбындағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтеріне арналған мазмұнды семинар өтті. Семинар барысында баланың эмоционалдық, коммуникативтік және танымдық дамуын қолдайтын заманауи әдістер мен технологиялар таныстырылды. «Әсел» бөбекжайы» МКҚК-ны әдіскері С.Д. Калманбаева «Цифрлық технологиялар арқылы эмоционалдық интеллектіні дамыту» тақырыбында педагогикалық шолу жасады, мұнда қатысушылар цифрлық платформалар, мобильді қосымшалар және интерактивті ойындардың эмоциялық интеллектіні дамытудағы рөлін талқылады. Бөбекжайдың педагог-психологі Б.Е.Айсина педагогтердің кәсіби тәжірибесінде кездесетін күрделі жағдайларды талдау арқылы шешу жолдары ұсынды. Қатысушылар релаксациялық жаттығуларды орындап, эмоционалдық күйді реттеудің тиімді әдістерімен танысты. Сонымен қатар семинар барысында «бөбек» бөбекжайының психологі З.С.Мусина «Ұсақ және жалпы моториканы дамыту арқылы баланың сөйлеу тілін жетілдіру» тақырыбындағы авторлық жұмысын таныстырды. Семинар соңында «Әсел» бөбекжайының әдіскері М.Г.Шаукеева «Тапқыр педагогтер» тақырыбында қатысушылармен іскерлік ойын ұйымдастырып, семинар барысында берілген ақпаратты қорытындылады.
![]() |
![]() |
![]() |