ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық көрсетілім "Абай бол үйде, далада, ережені аттама"

05.02.2019

Тақырыбы:  «Абай бол үйде, далада, ережеден аттама»

Мақсаты:

Білімділік:  Көшедегі, даладағы  қауіпсіздік ережелері туралы алған  білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру. Балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

Дамытушылық: Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, үйдегі қауіпсіздік ережелерді ұқыпты орындай білуге, ойын арқылы ойлау қабілетін  дамыту. Қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік:  Жолда жүру ережелерін орындауға, үйдегі қауіпсіздік  ережелерді дұрыс орындауға, дамытушы  ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу. Өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:  (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы.

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Қайырлы таң, қонақтар!

-Сәлеметсіздер ме?!

Сайыстарды  2  команда бөлінеміз:

І-ші команда: «Жас қыран» тобы   (балалар)

ІІ-ші команда:  «Тұлпар» тобы  (ата-аналар )

І-ші команда: «Жас қыран»  тобы  (балалар)

Ұранымыз: Біз бақшаға барамыз,

                       Оқу білім аламыз.

                       Жол тәртібін бұзбаймыз,

                       Есте сақтап аламыз.

ІІ-ші команда: «Тұлпар» тобы   (ата-аналар)

Ұранымыз:  Ережені білеміз,

                       Көшеде еркін жүреміз.

                       Біздің ұран осындай,

                       Сіздерге айтып  береміз.

  ІІ.Негізгі бөлім:

1тапсырма: Сұрақ-жауап  І-ші команда:  «Жас қыран» тобы (балалар)

   -  Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

    - Электр тоқтармен ойнауға бола ма?   Жоқ, тоқ соғады

          - Бағдаршамның қай түс жанғанда адамдар жүреді?  Жасыл түсі жанғанда.

           -  Көлік күтетін жерді қалай атайды?     - Аялдама

- Терезені алдына отыруға бола ма?      Жоқ,құлап кетеміз.

ІІ-ші команда: «Тұлпар » тобы   (ата-аналар)

-  Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?           Жүргішілер

-  Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

-  Балаларыңыз кешке неше сағатта ұйықтауға жату керек?   9 сағатта жату керек

- Мынау қандай жол белгісі білесіз бе? 

- Балаңызға қауіпсіз ережелер жайлы айтасыз ба, атап беріңізші?

Жүргізуші: -Жарайсыздар екі топ сұрақтарға жақсы жауап бердіңіздер.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде . Даладағы және үйдегі қауіпсіздік жайлы айттық.

2 тапсырма:  «Кедергілерден өту»

Мақсаты: От пен су беріледі содан кедергілерден өту керек.

Обруч (шығыршықтын) ішіне апарып доптарды салады.

 

 3 тапсырма:  Жұмбақтар жасыру

1. Өзі сөйлей білмейді,
    Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді.     (Бағдаршам)

 

2. Ала таяқ ұстаған,                                                       
    Жол тәртібін нұсқаған.                                                    
    Өміріңді  күзеткен.       (Жол сақшысы)

 

3. Аузы жоқ, сөйлейді,
    Көзі жоқ, көрсетеді.   (Теледидар)

 

4. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
     Іргеден басталып , алысқа жеткізген.          (Жол)
 
 5. Өзі күнде шаң жеген,
       Шаң жеп әбден дәндеген.      (Шаңсорғыш)

 

  6. Аса қажет өмірге халық үшін,
      Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.  (Тоқ)

 

7.  Көйлек қыртыс-қыртыс,
      Ол жүріп өтсе теп-тегіс.    (Үтік)

 8. Сақталады алты ай жаз, сандығында сары аяз Тоңазытқыш (Тоңазытқыш)Тоңазытқыш ТоңазытқышТоңазытқыш

 

9.Күн нұрына қарық қып,

    Үйдi тұрар жарық қып.   (Терезе)

 

10. Көгiлдiр түсi бар,

     Тас балқытар күшi бар.   (Газ)

 

4 тапсырма:  «Досыңды құтқару»

Топ басшысы топтағы балаларын келесі бетке тасыйды. Осылай ойын жалғасын табады.

5  тапсырма:  Дидақтикалық ойын: «Болады және болмайды»   (слайд арқылы)

Суреттер бойынша сөйлейді.

6  тапсырма: «Кім жылдам»

Ойын  шарты:  Шығыршықты кезек кезек өтіп кеглиді ойналып келесі ойыншыға эстафета беру. Ойын кезек кезек жалғасады.

Ән: «Отанының жас өркені»

Қорытындылау

Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Абай бол үйде, далада ережеден аттама» атты сабағымыз аяқталды. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Аман-сау бол үйде де, дала да,

Ережеден аттама, ережені сақтап, қоладанып жүр әрқашан.

Мадақтамалар беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст