23.11.2023 ж. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Әсел» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында қалала білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеушілік қабілеттерін дамытудағы жобалау-зерттеу әдісі және оны қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ересек және мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында бөбекжай тәрбиешісі Д.М.Макпанова «Су асты патшалығы» тақырыбында брейн-ринг, музыка жетекшісі Г.Д.Қапсалам «Ұлттық ойындар қоржыны» тақырыбында музыкалық-ойын сауық, бөбекжайдың педагог-психологы Б.Е.Айсина семинар қатысушыларымен «Жобалау-зерттеу әрекетінің білгірлері» іскерлік ойынын және Ю.Гагарин атындағы балабақша тәрбиешісі В.В.Светличная «Ойын – математика еліне саяхат» шеберлік-сыныбын өткізді. Сонымен қатар бөбекжайдың тәрбиешілері А.К.Каримжанова және М.С.Адилова жобалау-зерттау әрекеті тақырыбында баяндама оқып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.