ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбиешілерге арналған кеңес "Дене шынықтыру ҰОҚ тәрбиешнің рөлі"

11.11.2020

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі күрделі үдеріс. Дене жаттығуларын орындау техникасын үйрену алғашқыда дене шынықтыру ҰОҚ-де жүзеге асырылады да, кейіннен өз бетімен әрекет еткенде қолданылады. Дене шынықтыру нұсқаушысы қиын жағдайда жұмыс жүргізеді. Сондықтан дене шынықтыру ҰОҚ-де тәрбиешінің рөлі ерекше.

Тәрбиеші тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы болғандықтан ол қимылдарды үйретудің әдістерін, қимылдарды орындау ерекшеліктерін, оқытуға деген педагогикалық талаптарды меңгерген болуы керек.

Дене шынықтыру ҰОҚ-не дайындық кезеңдері:

1 кезең.ҰОҚ-нің алдында тәрбиеші ҰОҚ-нің мазмұнымен танысуы керек.

2 кезең. Тәрбиеші әр уақытта тәрбиеші екенін ұмытпағаны жөн. Ол топта қандай тәрбиеші болса, дене шынықтыру залында да сондай тәрбиеші. Ол өзінің қылығымен балаларға үлгі. Сондықтан егер ол балаларға дене шынықтыру ҰОҚ-не арнайы киіммен бару керектігін үйретсе, өзі де арнайы киімде болуы керек. Егер бала қимылдарды қате жасаса, тәрбиеші оған ескерту жасауы, үйретуі, түзетуі қажет.

3 кезең. Тәрбиеші балаларды ҰОҚ-не ұйымдастыруы керек. Дене шынықтыру залына балалар ұйымдасқан түрде кірулері керек. Қатармен бір-бірден кіріп, белгіленген орынға сапқа тұрулары керек.

Тәрбиеші дене шынықтыру нұсқаушысы сиякты балалардың өмірі мен денсаулықтарына жауапты. Тәрбиеші балалардың тәртібін, өздерін ұстауларын, ережені сақтауларын қадағалуы керек. Сонымен қатар жаттығуды дұрыс орындауларын бақылауы қажет, себебі, баланың жаттығуды дұрыс орындамауы, жарақаттануға әкеледі.

Жаңа жалпы жетілдірушісі жаттығуды үйрену кезінде дене шынықтыру нұсқаушысы жаттығудың қалай орындалатынын көрсетсе, тәрбиеші балаға жасауға көмектеседі, бағдарлайды. Егер балалар жаттығуды екі қатарға бөлініп орындаса, дене шынықтыру нұсқаушысы алдыңғы қатарды, тәрбиеші артқы қатарды бақылайды.

Дене шынықтыру нұсқаушы бір баламен жеке жұмыс жүргізген кезде, тәрбиеші қалған балалармен аз белсенді қимылдарды орындауы керек.

Егер дене шынықтыру ҰОҚ барысында балаға шығу керек болса, тәрбиеші шығарады.

Қимылды ойындар кезінде тәрбиеші балалардың ойын тәртібін, ережесін сақтауларын қадағалайды.

Оқу қызметінің соңында дене шынықтыру нұсқаушысы қорытынды жасайды, тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Просмотров: 213

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст