ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ-САД "АСЕЛЬ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Инстаграм

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған кеңес « Қосымша білім беруді таңдау ерекшеліктері»

23.11.2020

Балаларға  қосымша білім беру- балалықтың әлеуметтік институттарының

бірі, ол балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін құрылып,қолданылып

келеді.

Қосымша  білім берудің ерекшелігі баланың шығармашылық қызметі ол

үшін бастапқы болуында. Бәрінен бұрын,тұлғаны шығармашылықта  дамыту

тұр, ал оқыту сол дамытуға демеу болады.

Қосымша білім  беру баланың ерікті таңдау  бойынша жеке дара және

ұжымдық шығармашылық қызметте тәжірибе жинауына мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі балаларға балабақшада әр түрлі үйірмелер  ұйымдас-

тырылған, олар: вокал,хореография және ағылшын тілі үйірмесі.

 Балалар үйірмелерге белсенді қатысады.Ағылшын тілі үйірмесіне қатысатын

 балалар замануи технологиялық ойын арқылы ағылшын тілінде жеңіл    

 қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде қызыға отырып ағылшын

 тілін тез үйренеді.Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі балалардың

 пәнге деген қызығушылығымен бірге олардың бәсекеге қабілеттілігі бір-

 бірінен қалғысы келмей емін еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда, бір-біріне

 ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.

 Ойын түрлері арқылы тәрбиенушілердің ағылшын тілін үйренуге деген

 ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.

 Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту олардың коммуникативті

 даму біліктілігін, қызығушылығын үйымдастыруға мүмкіндік береді.

 Олардың есте сақтау  қабілеті жоғары. Сондықтан баланы ерте жастан

  ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай

  оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ, оның ақыл-ой, қабылдау,

  есте сақтау қабілеті баяу дамиды.

  Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету

  барысында  олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің

  алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

 

  

  Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен

  ерекшеленеді:оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін,тіл құпияларын байқау

  қызығушылығы пайда болады.

  Ерте кезден  оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез

  игеруге  көмектеседі.Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын

  сөздері ұйқас тақпақтар,өлеңдер үйреткен тиімді.

  Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады.Оларға жас

  ерекшеліктеріне  сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне

  жол ашады. Ағылшын тілін үйретуде ата-аналар ерекше назар аударған жөн,

  өйткені ол балалардың ағылшын тілін одан әрі сәтті меңгеруіне ықпалын

  тигізеді. Ата-аналардың көпшілігі өз балаларының тілді игеруіндегі

  жетістіктерге көп мән береді және қолдарынан келгенше көмек көрсетеді.

  Балалардың ағылшын тілін меңгерудегі қызығушылығын арттыру үшін

  ата-аналардың  оқу қызметінде қандай жаңа сөз үйренгенін,не үйренгенін

  сұрап отырған жөн.

  Сондықтан ағылшын тілі үйірмесіне қатысатын балалардың психологиялық

  ерекшеліктері:

   -ерекше зейінділік

   -есте сақтауы жоғары деңгейдегі балалар

   -таным аясы өте кең болады

   - қиялдары кең,ұшқыр болады

   -ойлау белсенділігі жоғары

   -тілі ерте дамыған,бай сөздік қорға ие балалар

   -зейін қоюы жоғары деңгейдегі балалар

 Балаларға ағылшын тілін үйретуде барлық тиімді жолдары қарастырылса,

 жаңа технологияларды, озық тәжірибелерді, ойын технологиясын қолдана   

 отырса, соңымен қатар  ата-аналармен ынтымақтастықты арттырса

 оң  игі болары  сөзсіз.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст